Қайта жанданған жобалар! Елімізде соңғы 10 жылда құрылысы аяқсыз қалып, тоқтап қалған 10 су нысанының жұмысы қайта басталды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, олардың қатарында Қызылорда, Түркістан, Ақмола, Абай және Алматы облыстарындағы арналар, су қоймалары мен гидротехникалық кешендер бар. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жаңғырту жоспары осы қарқынмен жалғасатын болса, алдағы 2 жылда бұл объектілер толықтай аяқталып, ел игілігі үшін пайдалануға берілмек.