Соңғы уақытта еліміз бойынша полицейлердің көмегіне жүгінетіндердің саны артқан. Ресми дерекке сүйенсек, күн сайын 102 нөміріне 15 мыңға жуық адам қоңырау шалады екен. Мәселен, жыл басынан бері тәртіп сақшыларына 4 миллионнан астам өтініш түсіпті. Тұрғындардан келетін әрбір хабарлама арнайы ақпараттық жүйеде автоматты түрде тіркеледі. Кейін оқиғаның сипаты мен мекенжайына байланысты полиция бөлімшелеріне жолданады. Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ жедел желіден бөлек, құқық бұзушылықтар туралы арнайы мобильді қосымшалар бар.