Перейти к содержимому
· 10 просмотров

«Ақылды» каска киіп жүр

Алматының энергетиктері жұмыста енді «ақылды» каскамен жүреді. Бас киімге орнатылған экшн-камераның пайдасы зор. Ол, біріншіден, электр желілеріндегі қауіпсіздікті әрі мамандардың жұмысын қашықтан бақылап отыруға мүмкіндік береді. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, кәсіпорын пилоттық жоба аясында экшн-камерасы бар 268 бас киім алыпты. Оны Алматы қаласы мен облысындағы жедел-көшпелі бригадаларға бөліп берген. Бейнебақылау камералары жұмыс барысындағы барлық әрекетті көрсетіп тұрғандықтан, кез келген қауіп-қатердің алдын алуға оңтайлы.

← Все новости