Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Ақ Жайықтың ақ сәлемін ала келді

Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп, қара суық хабары тұр естіліп десек те, астаналықтар ән мен жырдың рухына жылынып жатыр. Ақжайықтан жеткен өнер керуені елорданы бір апта бойы аралап, мәдени кеш өткізеді. Биыл Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының құрылғанына 60 жыл толып отыр. Осыған орай өнер ұжымы «Ақ Жайықтан ақ сәлем» атты концерттік бағдарламамен гастрольдік сапарға шыққан. Бұған дейін Алматы жұртшылығына әсем әуенін тарту еткен сахна саңлақтары енді Астанаға жетті. Төрт күнге жоспарланған мәдени іс-шараның шымылдығы кеше қазақ халық аспаптары оркестрінің концертімен ашылды.

ХАТИМОЛЛА БЕРДІҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Бізде дәстүрлі әнге көбірек көңіл бөлінеді. Өйткені Ғ. Құрманғалиев атындағы филармония деп солай аталады. Біздің өзіміздің директормыз көбірек көңіл бөледі. Ол енді классиканы, басқаны былай ысырып тастайды деген емес, жалпы локомотив басшы болып дәстүрлі әншілер жүреді. Классикалық әншілер, сопранолар, өсіп келе жатқан қыздарымыз бар. Жақсы баритон дауысты классикалық жігіттеріміз бар. Енді оркестрдің құрамы сол жастарменен толығып тұрады.

Облыстық филармония осыдан 1 жыл бұрын академиялық деген мәртебе алған. Ақын Бауыржан Халиолла жетекшілік ететін ұжымда тәжірибелі өнер майталмандары мен талантты жас буынның басы біріккен. Алдағы мақсаттары да нық: гастрольдік сапарлардың аясын кеңейтіп, шетел аралау да жоспарда бар екен.

МӘДИ САБЫР, Ғ. ҚҰРМАНҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сол академиялық атақ бойынша біздер алғашқы болып осы биыл концерттерге шығып жатырмыз. Бастауымыз Астана, Алматы қаласы болса, одан кейін тағы да жоспарлар бар. Бірақ кейінгі ол шетелдермен байланыста концерттерді ұйымдастырамыз деген ниеттеміз.

← Все новости