Елімізде құрастырылған көліктер арзандады. Соңғы бірнеше айда олардың құны шамамен 11 пайызға төмендеген. Жыл соңына дейін жеңілдіктер көбейіп, баға тағы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министр Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Оның айтуынша, отандық автокөлік өндірушілер түрлі акциялар ұйымдастырып жатыр. Ведомство басшысы бағаның төмендеуі көлік сапасына әсер етпеуі керектігін айтады.
ЕРСАЙЫН НАҒАСПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:
Былтыр елімізде 171 мың автокөлік шығарылды. Биыл өндіріс көлемін 191 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Оның бірі – Қостанай облысындағы өндіріс нысаны жылына 70 мың автокөлік шығаруға қауқарлы. Екіншісі – Алматыдағы қытайлық брендтердің мультибрендтік зауыты. Оның өндірістік қуаты жылына 120 мың автокөлікті құрастыра алады.