Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Өңірлер неге Астанаға ет тасығалы жатыр?

Саяси жиындардан, мәдени іс-шаралардан көз ашпайтын Астана енді тағы бір фестивальге дайындалып жатыр. Алдағы демалыс күндері елордада «Соғым фест» өтеді. Абай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және басқа да облыстар қазір ең семіз, қоңды малдарын сойып, жолға дайындалып жатыр. Өңірлерден 1 000 тоннадан аса ет жеткізілмек. Мақсат – өнімді делдалсыз, қолжетімді бағада сату. Жәрмеңке «Keruen Joly», «Ет Әлемі», «Jurt» сауда орталықтарында өтеді.

← Все новости