Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Уран өндірісінің өрісі кеңейеді

Қазақстанда уран өндірісінің өрісі кеңейеді. Еліміз атом саласының әлеуетін арттырып, халықаралық нарықтағы орнын нығайта түспек. Қазір бұл бағытта геологиялық барлау жұмыстары жанданып, жаңа кен орындарын игеру жоспары әзірленіп жатыр. Президенттің қабылдауында болған «Қазатомөнеркәсіп» басшысы стратегиялық міндеттердің орындалуы жайлы есеп берді. Мейіржан Юсупов атағандай, компания жалпы ауданы 1 мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскені зерттеп жатыр. Сондай-ақ ауданы 124 шаршы шақырым болатын перспективті Қызылту учаскесін барлау жұмыстары жоспарланған. Бұл уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру іс-шараларын ілгерілетпек. Бұдан бөлек, биыл Үндістан мен Қытайдың ірі энергетикалық компанияларымен табиғи уран жеткізу жөнінде жаңа келісімшарт жасасу көзделіп отырғанға ұқсайды.

← Все новости