Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Теріскейдегі жұрт түгел газбен қамтылмақ

Теріскей тұрғындары көгілдір отынның игілігін көретін күн алыс емес. Мәселен, Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізу жоспары пысықталып жатыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «QazaqGaz» басшысы баяндады. Аталған бағытта ауқымды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, Рудныйда жылына 50 мың тонна сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыт пен 4-жерасты қоймасының құрылысы басталды. «Сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақта да жаңа өндіріс ошағының жобасы пысықталып, магистральдық құбырдың екінші желісінің құрылысы қолға алынды», – деді Әлібек Жамауов. Мемлекет басшысы жылыту маусымында тұрғындарды және экономиканы көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз ету, тауарлы газ қорын кеңейту бойынша міндеттер жүктеді.

← Все новости