Перейти к содержимому
· 18 просмотров

«Халықтық құрылыс» жобасына цифрлық теңге қолданылуы мүмкін

«Халықтық құрылыс» жобасына цифрлық теңге қолданылуы мүмкін.

Бұл бастама қаржы саласының өкілдері бас қосқан жиында талқыланды. Жаңа төлем құралы құрылысқа бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді. Алайда ол үшін мемлекеттік органдардың да цифрлық жүйелері әзір болуы керек.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов осылай деп мәлімдеді. Бұдан бөлек, шарада ел экономикасының қазіргі ахуалы мен болжамдар да сөз болды. Мамандар халықтың әл-ауқатын арттыру, инфляцияны тежеу және экономикалық тұрақтылықты сақтау мәселелеріне де тоқталды.

Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары: «Қазір бізде экономиканы әртүрлі мерзімге болжауға арналған бірнеше құрал бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — тоқсандық болжам моделі. Оның көмегімен ел экономикасының қазіргі жағдайын бағалап, инфляция мен жалпы ішкі өнімнің алдағы өзгерісін болжаймыз. Сондай-ақ экономиканың дамуына әсер етуі мүмкін түрлі жағдайларды алдын ала саралаймыз. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Экономика үнемі өзгеретіндіктен, болжам жасау әдістері мен құралдарын да халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, тұрақты түрде жаңартып отырамыз».

Рамазан Палмағанбет

← Все новости