Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 12 просмотров

Тозған каналдар жаңарып, су қоры көбейеді

Судың да сұрауы бар. Бүгінде тозығы жеткен каналдардың кесірінен тіршілік нәрі зая кетіп жатыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі ауқымды жобаны қолға алды. Жоспар бойынша ел аумағындағы ұзындығы 5 мың шақырымға жететін 746 канал жаңғыртылады. Бұдан бөлек, ескірген гидротехникалық нысандар қалпына келтіріліп, су қорын молайту үшін жаңа қоймалар салынбақ. Мамандардың сөзінше, бұл шаралар әр тамшыны үнемдеп, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

← Все новости