Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Үш тасжолда жаңа камералар іске қосылды

Енді камераның алдына келгенде ғана тежегішті басып, басқа жерде білгенімше айдай берем десеңіз, айыппұлға көмілесіз. Бүгіннен бастап елдегі республикалық маңызы бар тағы үш тасжолда орташа жылдамдықты есептейтін арнайы жүйе іске қосылды. Атап айтқанда, «Алматы – Қорғас», «Қарағанды – Бурылбайтал» және «Қызылорда – Арал» бағыттарындағы алты бірдей жол учаскесі жіті бақылауда болады. Жаңа камералар осы аумақтарда көліктің жолға кірген және шыққан уақытын тіркеп, аралық жылдамдықты өзі шығарып береді. Бұл жолдарда сағатына жүзден жүз қырық шақырымға дейін жүруге рұқсат етілген. Ал камерадан өткесін газды басып құйғытатындарға салынатын айыппұл көлемі де аз емес.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз үшін әрқайсыңыздың үйге аман-есен жеткеніңіз маңызды. Қазір қараша айы, күн ерте батады. Жолда көктайғақ, тұман, қар болып тұрады. Сондықтан жол бойы жылдамдық режимін сақтауға шақырамыз. Және ауа райына қарай жылдамдықты таңдаңыз. Сіздерді үйде күтеді. Өздеріңізді де жақындарыңызды да сақтаңыздар!

← Все новости