Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Адам қудалау жауапкершіліктен құтқармайды

Аңдудың соңы – «сүріну», өкінесің де қаласың. Ішкі істер министрлігі адамды торуылдап, қудалағаны үшін жауапкершілік барын тағы ескертті. Елімізде жыл басынан бері осындай 117 факт тіркеліпті. «Сүйдім-күйдім, ұнаттым, қызғандым» деп екінші тарапқа қысым көрсету қып-қызыл сталкинг. Еркінен тыс қарым-қатынас орнату үшін тұлғаны мәжбүрлеуге, қорқытуға, не істеп не қойғанын қадағалауға жол берілмейді. Ал әлдекім осылай ізіңізге түссе, міндетті түрде 102-ге хабар беріңіз. Ол жанмен кездесіп қалсаңыз, жанжалдаспаңыз. Қауіп төнгенін сезсеңіз, оны өз бетіңізше шешуге тырыспаңыз. Жақындарыңызды, әріптестеріңізді, тіпті жұмыс орнындағы күзет қызметін құлағдар етіңіз. Телефон қоңыраулары, хабарламалар сынды қудалау фактісін дәлелдейтін материалдарды сақтап қойыңыз.

← Все новости