Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

Мексикада Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Бұл елге әлемге танымал көп музыкант келеді, бірақ мұндай алып қошеметті бұрын-соңды көрмедік. Димаштың америкалық жанкүйерлері аң-таң. Латын Америкасына концерт беруге барған өнер иесін тыңдармандары әуежайда дүркіретіп күтіп алды. Дала дауысымен әлемді бағындырған өнер иесін көруге келгендердің санында шек жоқ. Бірі ән салып, енді бірі арнайы әкелген сыйлықтарын беруге асықты. Қазақ баласының талантына деген құрметтің тағы бір белгісі Монтеррей қаласында көрініс тапты. Мұнда Димаштың жанкүйерлері арнайы мурал салдырыпты. Бұл туынды – әншіге деген тыңдармандардың ыстық ықыласы.

← Все новости