Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

Әлімжеттіктен үш оқушы өз-өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысында үш оқушының өліміне бопсалау мен қорқыту себеп болғаны анықталды. Қаракемер ауылында бір топ жігіт «Система» деп аталатын орта құрып, мектеп оқушыларын өздеріне бағындырып, ақша талап етіп, зәресін ұшырып келген. Ақыры соңында әбден қажып, тығырыққа тірелген жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүр болыпты. Өзгенің баласына әлімжеттік көрсетіп, тізесін батырған екі жігіт қазір күдікке ілініп, қамалды. Бопсалауға қатысы бар тағы бес күдіктінің жүріс-тұрысы заңмен шектелді.

БЕРІК ТӨЛЕУОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Қазіргі уақытта аталған бейресми құрылымның қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар прокурорлар құзырлы органдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен себептері мен жағдайларды жою туралы ұсынулар енгізді.

← Все новости