Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Автожолдар қысқа дайын ба?

Қыс келсе, жолдың жыры қиындай түседі. Бірде ақ түтек ұйытқып, бірде көк мұз көлікті тайдыртып, талай жүргізушіні әбігерге салады. Өткен жылдары қар құрсауында қалып, айдалада көмек күткен жолаушылардың қарасы көп болды. Ол кезде де құтқарушылар мен жол саласының мамандары талай жанға араша болды. Ал биылғы маусымға қаншалықты дайынбыз? Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» басшысы жауап берді. Дархан Иманашевтің айтуынша, жол қызметтері толық дайын, арнайы техника жаңартылып, қажетті күш-құрал жеткілікті. Қауіпті учаскелерде алдын алу шаралары да қолға алынған. Сондай-ақ қар тоқтататын қоршаулар 832 шақырымға созылыпты.

ДАРХАН ИМАНАШЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Қысқы маусымға қажетті материалдар қоры да толық дайындалды. Атап айтқанда, жүз жиырма бес мың бес жүз текше метр құм, екі жүз елу мың алты жүз текше метр қиыршық тас, елендісі тоқсан тоғыз мың сегіз жүз тонна техникалық тұз, он сегіз мың бес жүз тонна көмір әзірленді.

← Все новости