Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Атырауда қауіпті жұқпалы аурудан мал қырылды

Атырау облысында ірі қараның неден қырылғаны анықталды.

Мақат ауданындағы «Білеулі ата» учаскесінде малдың жаппай ауырғаны туралы бейнежазба желіде осыдан он күн бұрын тараған еді. Аймақ ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, зертханалық сараптама қорытындысы дайын болды.

Мамандар сиырлардың қауіпті жұқпалы дерттен өлгенін растап отыр. Ал шығын саны тоғыз басқа жеткен. Десе де, жауапты мамандар қазіргі уақытта індеттің таралмағанын және жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Атырау облысы Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы басқармасының ресми хабарламасынан: «Зертхана нәтижесі бойынша қарасан ауруына оң нәтиже анықталды. Аудандағы эпизоотиялық ахуал тұрақты, жағдай бақылауда. Сонымен қатар аудан бойынша жануарлардың аса қауіпті сегіз түрлі ауруына қарсы жоспарлы вакцинация жұмысы жүргізіліп жатыр».

Үсен Астана

← Все новости