Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 24 просмотра

Әлеуметтік төлем қате есептелген

Мемлекеттен берілген жәрдемақыны кері қайтару керек. Павлодарда мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға осындай сарындағы хабарлама келген. Онда екі немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар ата-аналарға Республика күні қарсаңында қателесіп 108 мың теңге артық аударылғаны жазылыпты. Авторы қаржыны дереу кері аударуды талап еткен. Қала әкімдігі бұл хабарламаның жалған екенін хабарлады. Дегенмен, жүйеде шынымен ақау болған деп отыр, соған қарамастан ақшаны ешкім де кері қайтармайды дейді.

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Биыл сәуір айынан бастап жаңа қағидалар күшіне енді. Алайда техникалық ақауға байланысты жүйе төлемдерді бұрынғы тәртіппен есептеуді жалғастырған. Осыған байланысты алынған қаражатты қайтарудың қажеті жоқ деген шешім қабылданды.

Әкімдіктегілер мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға қанша қаражаттың қате аударылғанын және оған кім жауапты екенін ашып айтпады.

← Все новости