Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 13 просмотров

Шәкіртақы өседі!

Докторанттар 500 мың теңге шәкіртақы алуы мүмкін.

Ғылым және жоғары білім министрлігі ай сайынғы төлем мөлшерін осы деңгейге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Саясат Нұрбек Құрылтайда өткен брифингте мәлімдеді. Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда стипендия көлемі екі есеге артқан. Алдағы уақытта да жас ғалымдарды қолдау шаралары жалғасын таппақ.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі: «Қазіргі таңда докторанттар ай сайын шамамен 260 мың теңге шәкіртақы алады. Соңғы бес жылда шәкіртақы екі есе көтерілді. Бұл жұмыс жалғасады. 2029 жылға дейін шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осындай жоспар бар. Тағы бір айта кететіні — ол үй. Ол докторанттарға өте үлкен қолдау».

← Все новости