Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 12 просмотров

700-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан бас тартты

Елімізде әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартқандардың қатары артып келеді. Қазан айында іске қосылған цифрлық сервис арқылы 729 азамат мемлекеттік көмек алуды тоқтатуға өтініш берген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Айта кетейін, келер жылдан бастап қолданыстағы 36 жәрдемақы түрінің 12-сі тек шын мұқтаж жандарға ғана төленеді. Осылайша, қолдау әл-ауқаты төмен отбасыларға тағайындалмақ.

← Все новости