Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 10 просмотров

Мектеп директорының әйелі істі болды

Мектеп тазалықшысын басынып, бейәдеп қылық жасаған директордың әйелі істі болды. Ақтаудағы жекеменшік білім ордасында болған жанжал сотқа жетіп, шектен шыққан әйел 86 мың 500 теңге айыппұл арқалады. Оқиға кезінде әйел еден жуушының су толы шелегін әдейі теуіп жіберген. Сот отырысында ол кінәсін мойындағанымен, ешкімді қорлау ниеті болмағанын айтып ақталған. Алайда бақылау камерасындағы бейнежазба оның кінәсін толық дәлелдеді. Судья айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Айта кетейік, сол мектепте факультатив сабақтарын өткізген келіншек педагогикалық әдеп нормаларын өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босатылған.

← Все новости