Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 8 просмотров

Жаңа жедел жәрдем станциясы салынады

Шұғыл медициналық көмек станцияларының қатары көбеймек! Петропавлда жаңа жедел жәрдем бекеті салынады. Оған Үкімет 6 миллиард теңге бөлді. Қаржының 800 миллионға жуығы дәрігерлерге қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалады. Ал қалғанына төрт қабатты кешен тұрғызылады. Мұнда шақыртуларды қабылдайтын заманауи диспетчерлік қызмет, симуляциялық орталық және 20 медициналық көлікке арналған жылы автотұрақ болады. Тіпті оларды жуып, жөндейтін орын да қарастырылған. Жаңа нысан келесі жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуі тиіс. Айта кетейік, қазір облыстағы алғашқы көмек орталығы 510 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Ал әр бригада тәулігіне орта есеппен 16 шақыртуға шығады.

← Все новости