Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

Енді елімізде электромобильдерге арнайы жасыл мемлекеттік нөмір беріледі.

Жаңа ережеге сай, жеке және заңды тұлғалардың көліктеріне санатына қарай бөлек тіркеу белгілері тағайындалады. Мәселен, қарапайым электрокарлардың мемлекеттік белгісі негізінен ақ, ал өңір коды тұрған бөлігі жасыл болады. Әріптер, сандар және KZ таңбасы қарамен жазылады.

Арнайы қызметтерге де бөлек реңктер қарастырылған. Мәселен, полиция қызметкерлеріне — көк, дипломаттарға — қызыл, ал шетелдіктердің кейбір санаттарына — сары түс бекітілді. Дегенмен олардың барлығында өңір коды жасыл жолақпен ерекшеленеді. Жаңа талап 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Ақбөпе Тәңірберген

← Все новости