Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

Жастарды қылмыстық ортадан қорғау күшейтілді

Елімізде жасөспірімдерді қылмысқа тартпақ болған 40-тан астам топ анықталды. Жыл басынан бері заңсыз әрекеттерге барған 100-ден аса күдікті қолға түскен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандарды бопсалаған тағы төрт қылмыстық топтың жолын кескен. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін полицейлер мектептер мен колледждерде екі мыңнан астам түсіндіру шарасын өткізіпті. Кездесулерде жастарға бопсалау, қорқыту және криминалдық ортаның ықпалына түсудің салдары жан-жақты айтылды. Ведомство өкілдері бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

ІІМ бұл бағыттағы жұмысты білім беру ұйымдарымен, ата-аналармен және қоғаммен бірлесіп жалғастырады. Басты бағыт – құқық бұзушылықтардың ерте кезеңде алдын алу және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

← Все новости