Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 12 просмотров

«Елімайға» жаңа бапкер келді

«Елімай» футбол клубының тізгінін еуропалық бапкер ұстады. Биыл үздік үштіктен көрінсек деген жоспары күл-талқан болған семейліктер осылайша алдағы маусымның қамына кірісіп кетті. Қазақстанның үш дүркін чемпиондарын енді шотландиялық Питер Левен жаттықтырады. 43 жастағы маманмен 2027 жылдың соңына дейін келісімшарт жасалды. Ол бұған дейін Англияның «Ротерхэм» клубын баптаған еді. Былтыр Шотландияның «Абердин» командасымен сол ел кубогын төбеге көтерген. Бұдан бөлек, Беларусьтің «Динамосы» мен Ресейдің «Оренбург» және Англияның «Мидлсбро» клубтарын сәтті басқарған. Енді семейліктер сақа маманмен бірге нәтижесін жақсартуға үмітті.

← Все новости