Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

Ұлттық спорттың өрісі неге кеңеймей тұр?

Қазақстанда ұлттық және олимпиадалық ат спортымен 165 мыңнан астам адам айналысады.

Жалпы еліміз бойынша 2 мың секция бар екен. Оның 1 900-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл саланың әлеуеті зор болғанымен, түйткілді мәселелер де аз емес. Мәселен, қарапайым дайындыққа арналған керек-жарақ тапшы. Бұдан бөлек, кәсіби жаттықтырушы мен бапкер жетпейді.

Нұрасыл Оралхан, жаттықтырушы: «Қазір жамбы ату спорты енді-енді дамып келе жатқан спорттардың бірі. Ұлттық спортқа көңіл енді бөлініп, қазір дамып, көтеріліп келе жатыр. Егер бізге жабық манеж, атпен жұмыс жасауға арналған орын болса, әрине, спортымыз өте жақсы деңгейде дамиды».

Сондай-ақ қыс түсе салысымен көкпаршылардың дайындығы да тоқтап қалатын көрінеді. Өйткені ашық алаңда жаттығуға болмайды. Осы ретте шабандоздар салаға көңіл бөлініп, жағдай жасалса, спортшылардың шеберліктері шыңдала түспек дейді.

Жұмат Болат, көкпаршы: «Бізде, мысалы, әр командамен ойнағанда қарсылас командаға байланысты ағайымыз, тренеріміз әр балаға әртүрлі міндет береді. Мысалы, қорғаушыларға қорғанысты күшейтуге, шабуылшыға жердегі серкені ілуге тапсырма береді».

Жанар Арғын

← Все новости