Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 17 просмотров

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды.

Ерлер мен әйелдер арасындағы ел біріншілігіне 16 командадан 200-ге жуық спортшы қатысып, сынға түседі. Бұл дода жай ғана жүлде үшін талас емес, алдағы халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғайтын үздік атлеттерді іріктейтін маңызды кезең.

Дәурен Бекмұханбетов, ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері: «Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біздің негізгі мақсатымыз — жыл қорытындысын шығарып, 2027 жылға арналған чемпионаттардың күнтізбелік жоспарын бекіту. Ішкі жарыстар арқылы халықаралық додаларға іріктеу жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, спортшыларымыздың қатысуын қамтамасыз етуіміз қажет. Олимпиада ойындарына да небәрі бір жарым жылдай уақыт қалды. Сондықтан жақсылап дайындалып, халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетуге бар күшімізді саламыз».

Едіге Емберді, халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «Жақсы дайындалдық. Осы әлем чемпионатына дейін 10 ай оқу-жаттығу жиынында болдым. Жаңа салмаққа өткеннен кейін кішкене қиыншылықтар болып жатыр. Бейімделу үшін уақыт керек. Келесі жылдары, Құдай қаласа, жарамын. Дайындаламыз. Әрине, мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда Олимпиада. Олимпиада шыңын бағындыру керек. Арман-мақсатқа жету керек».

Қуат Құдайберген

← Все новости