Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Ауыл-аймақ 4G пен 5G-ге көшеді

Байланыс ұстамай, ел кезіп, биік жерге шығып әуре болатын ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық! 2027 жылдан бастап еліміздегі барлық елді мекенде мобильді желінің сапасы жаппай тексеріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі мәлімдеді. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл жылдар бойы қордаланған түйткілді түбегейлі шешуге бағытталған маңызды қадам. Сала басшысы әкімдіктерге нақты міндет жүктеп, мәселені созбалаңға салмай, байланыс мұнараларын уақытында орнату жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

ЖАСЛАН МӘДИЕВ, ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Әкімдіктер осы учаскелердің әрқайсысында байланыс нысандарына жер бөліп, оларды электр желісіне қосуды қамтамасыз етуі тиіс. Операторлармен бірге тұрғындарға жабдықтың қайда орнатылатынын және байланыс сапасының қалай жақсаратынын түсіндіруі керек. Биылғы жоспарлы өлшеу кезінде тағы 289 «ақ дақ» анықталды. Оның 70-інде мәселе шешілді.

Сондай-ақ министр тағы бір сүйінші жаңалықпен бөлісті. Келер жылдың соңына дейін еліміз 3G желісінен біржола құтылады. Яғни жылдамдығы жоғары 4G пен 5G технологиялары толық жұмыс істейді. Сәйкесінше, шалғай елді мекендердің де цифрлық мүмкіндігі кеңейе түспек. Бұдан бөлек, облыстық және республикалық маңызы бар тасжолдарды да тұрақты мобильді интернетпен қамту жоспарланып отыр.

← Все новости