Перейти к содержимому
СРОЧНО

Енді балалардың интернеттегі әрекеті бақылауға алынады

Баланың интернеттегі әр қадамын енді ата-ана өзі бақылай алады! Елімізде кәмелетке толмағандарды әлеуметтік желілердегі қауіпті контенттен қорғаудың жаңа тетіктері әзірленіп жатыр. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, ол үшін балаға бөлек SIM-карта сатып алудың немесе нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ. Бар болғаны ата-ана eGov арқылы өзі пайдаланып жүрген нөмірді перзентінің қолданатынын белгілесе жеткілікті. Осыдан кейін байланыс операторы қауіпті ақпаратты автоматты түрде сүзгіден өткізетін қызметті іске қосады. Сонымен қатар, шектеуді VPN арқылы айналып өтуге жол бермеу жолдары да қарастырылып жатыр. Ал мектептер мен колледждердің Wi-Fi желісіне қосылған құрылғыларға да бақылау күшейтілмек.

← Все новости