Елордада бір аптаның ішінде тұмау жұқтырғандардың саны 1,2 есеге артты. 12–18 қараша аралығында 21 мыңнан астам адамнан инфекция анықталған. Оның алдында бұл көрсеткіш 17 мың болыпты. Ауырып жатқандардың басым бөлігі – балалар. Бір жұмада 14 жасқа дейінгі 12 мың 694 бала вирус жұқтырған. Әсіресе, мектеп пен балабақшаларда тұмау тез тарап жатыр. Статистикаға сүйенсек, қаладағы 159 мектепте 2 мыңнан астам оқушы сырқаттанған. Ал 4 мыңға жуық бүлдіршін денсаулықтарына байланысты бөбекжайға бармаған.