Перейти к содержимому
СРОЧНО

Депутаттар «Халықтық құрылыс» жобасын қолдауға шақырды

«Халықтық құрылыс» – 35 жылдық белес аясында басталған тегеурінді жоба. Ел дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыратын игі іске ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылатын кез келді. Тәуелсіздіктің мерейлі белесі қарсаңында Құрылтай депутаттары осындай үндеу жариялады. Барлық фракция атынан сөз алған Дихан Қамзабекұлы елдің жетістіктерін жіпке тізіп, Мемлекет басшысы көтерген бастаманы қолдауға шақырды.

ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Дәл бүгін жұдырықтай жұмылып, ұлт болып ұйысып, Президентіміз жариялаған «Құрылыс және тағы да құрылыс!» халықтық бастаманы нақты іспен қолдауымыз керек. Тіпті бұл – әрбіріміз үшін абыройлы міндет! Халық игілігіне арналған жүздеген әлеуметтік, ал ауыл-аймақтарда мыңдаған инфрақұрылымдық нысандар салынып, баршаның пайдалануына беріледі. Әділеттіктің жалпыұлттық құрылысы – осы күнге өнеге, келешекке мақтаныш болады деп сенеміз. Бірлігіміз артсын, берекеміз молайсын!

Депутат елімізде соңғы жеті жылда жүзеге асқан оң өзгерістерге де тоқталды. Осы кезеңде қайтарылған активтердің 1 трлн теңгеден астамы әлеуметтік жобаларға бағытталыпты. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионнан астам баланың есепшотына 2,5 млрд долларға парапар қаражат аударылған. Бұдан бөлек, 2019 жылдан бері 1300-ден астам мектеп, 1483 балабақша, 1259 медициналық мекеме және 536 спорт пен мәдениет нысаны бой көтерген екен.

← Все новости