Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

Кәсіпкерлердің 150-ге жуық ұсынысы Үкіметке табысталды

Кәсіпкерлердің бизнес ахуалды жақсартуға қатысты ұсыныстары Үкіметке жолданды.

Өзекті мәселелер Астанада өткен «Атамекен» палатасының съезінде көтерілді. Алқалы жиынға 400-ге жуық бизнес өкілі мен министрліктерден 100-ге тарта жауапты маман қатысты.

Онда жан-жақтан келгендер өз саласының дамуына кедергі келтіретін түйткілдерді шенеуніктерге тікелей жеткізіп, нақты шешу жолдарын ортаға салды. Отызға жуық өтініш сол жерде қаралып, қалған ұсыныстар электронды форматта жинақталды.

Палата өкілдерінің сөзінше, көтерілген проблемалардың бірқатарын шешу үшін бірнеше жыл уақыт керек.

Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуге үш жылдық тексеруге мораторий енгізу мәселесі қолға алынды. Бұл бақылау-қадағалау жүйесін қайта қарап, реттеудің цифрлық моделіне көшуге ықпал етеді. Олар кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер мен қолдау шараларының қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, әкімшілік жүктемені азайтуға, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жиында жетістіктер де айтылды. Мәселен, бір жыл ішінде палата бизнес өкілдерінің 71 миллиард теңге мүліктік құқығын қорғап қалыпты. Оған қоса 308 сот процесі кәсіпкерлердің пайдасына шешілген.

Отандық өндірісті кеңейтуде де оң өзгеріс бар. Мемлекеттік сатып алулар кезінде жергілікті тауар өндірушілерге берілетін алдын ала төлем мөлшері 50 пайызға дейін ұлғайтылған.

Нұржан Ділманов, кәсіпкер:

«Бір ауыл — бір өнім» жобасына қатысып, финалда жеңіп, 5 миллион теңге грант алған жайымыз бар. Бұл салада жұмыс істеп жатқанымызға 27 жылдай болды. Біз аспаптың 56 түрін жасаймыз. Барлық аспапты тапсырысқа қарай жасап шығарамыз.

Қуат Құдайберген

← Все новости