Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 13 просмотров

ҰҚК мен ІІМ-нің жалған құжаттарын жасап, сатқан

Жалған куәлік жасап, сатумен айналысқан! Атырау облысында күштік құрылымдардың 800-ден астам жарамсыз құжаттары тәркіленді. Оқиға полицейлердің бір көлікті тоқтатуынан басталған. Ал автомобильдің ішінен тапанша макетіне ұқсас зат пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің куәлігі табылыпты. Тәртіп сақшылары оны дайындады деген күдікпен 39 жастағы ер адамды ұстады.

ШҰҒЫЛА ТҰРЛЫБЕК, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жалған куәліктерді сатумен айналысқан. Тоқтатылған автокөлікте болған ер адамдардың бірі одан осындай құжаттарды сатып алғаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция барлық мән-жайды, жалған құжаттарды сатып алған барлық азаматтарды анықтап жатыр.

Тінту барысында күдіктіден Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 600-ден астам, Ішкі істер министрлігінің 95, Мемлекеттік кірістер органдарының 47, прокуратураның 46 және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 9 жалған куәлігі тәркіленген. Сондай-ақ 367 эмблема, мөр және компьютерлік техникалар да табылыпты.

← Все новости