Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Қазақстан тарихының жаңа көптомдығына толықтырулар енгізіледі

Қазақстан тарихының көптомдығына толықтырулар енгізіледі. Бұл туралы Вице-президент өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ерлан Қариннің айтуынша, академиялық еңбек сарапшылар мен журналистердің назарына ұсынылған. Кездесу барысында кітаптың мазмұны төңірегінде талқылау мен ескертулер айтылыпты. Содан кейін бұл өзгерістер том жетекшілерімен бірге қаралған. Қазір көптомдықты баспаға әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр екен. Атап айтқанда, тарихи деректер мен иллюстрациялар жүйеленіп, мәтіндер редакциялануда. Сондай-ақ ғылыми терминдер біріздендірілуде. Мұндағы басты мақсат – ел тарихын ғылыми тұрғыдан жүйелеп, мазмұны толық әрі сапалы еңбек ұсыну дейді вице-президент.

← Все новости