Алматыда цирктің алдында субұрқаққа түскен балалар опат бола жаздады. Оларды құтқаруға ұмтылған анасы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Әзірге фонтанға жауапты мамандар адамдарды қалай тоқ соққанына қатысты түсініктеме берген жоқ. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
Подробнее...Новости
Салық туралы не білесіз?
Енді салық төлеу үшін банкке барып, сағаттап кезекте тұрудың қажеті жоқ. Мобильді қосымша арқылы үйден шықпай-ақ қажетті төлемдерді жасауға мүмкіндік бар. Ол үшін телефоныңызға «E-salyq-Azamat» тегін қосымшасын жүктеп алсаңыз жеткілікті. Бұл қызметтің көмегімен мүлік, жер, көлік салығын бір-ақ минутта төлеп, онлайн түрде қажетті өтінімдерді жіберуге болады екен.
Подробнее...Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік
Түркістан облысының Арыс қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы заманауи орталық ашылды. Бұған дейін тойхана болған ғимарат қазір қайта жасақталып, әлеуметтік орталыққа айналдырылған. Мұндағы негізгі мақсат — мүгедек жандарға медициналық ғана емес, сондай-ақ сауықтыру шараларымен олардың өмірлік белсенділіктерін арттыру көзделген.
Подробнее...Көлікте күн кешуге мәжбүр
Жамбыл облысында 30-дан астам жүк көлігінің жүргізушісі 15 күннен бері далада күн кешуге мәжбүр. Бішкектен Ресейге бет алған оларды Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары жібермей ұстап отыр екен. Ондағы себеп — халық тұтынатын тауарларды артқан көліктер толықтай тексерістен өтуі тиіс көрінеді. Осыны желеу еткен мамандар құжаттарымызды алып қойып, жібермей отыр деп ашулы жүргізушілер. Ал салықшылар болса заң аясында жұмыс істеп отырмыз …
Подробнее...Қауіпті бекеттер
Өмірге қауіпті бекеттер. Жамбыл облысының тұрғындары жанар-жағармай құю станциясының салынуына қарсы. Себебі, бензин сататын орын дәл үйлерінің іргесіне тұрғызылғалы жатыр екен. Ал, жуырда ғана Ресейдің Новосібір қаласында жанармай бекетінің жарылғанын естіген бұқараның қарсылығы тіптен күшейіп, құзырлы органдарға талабын жеткізді. Жалпы, еліміз бойынша мұндай нысандар қауіпсіздік талаптарын қаншалықты сақтайды? Бұл жөнінде төтеншеліктер не дейді? Толығырақ Қайыркен Отыншы тарқатады.
Подробнее...Берекені алған құрылыс
Коммуналдық желіні жаңартып, су кіргіземіз деп, жолдың быт-шытын шығарды. Онымен үйге келіп тұрған таза су да жоқ. Алматылық ағайынды ашуландырған құрылыс бір жылдан бері сиырқұйымшақтанып келеді. Наурызбай ауданының Құрамыс ықшамауданының тұрғындары шаң мен топырақтан шаршадық дейді. Мұнысымен қоймай құбырларды да тұрғындар қалай болса солай тастап жатқанын және бұған ешкімнің бас қатырғысы келмейтінін алға тартты. Жаппай көшеге шығып кеткен жұртқа біздің …
Подробнее...Газ өңдеу зауыты өртенді
Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытының өндірістік аумағында алапат өрт болды. Нысандағы компрессорлық цех өртенді. Жалын 980 шаршы метр аумақты шарпыған. Соның салдарынан ауамен салқындату аппаратының конструкциясына зақым келген. Ал осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде химикаттар ағып кетіп, ауаға зиянды заттар тарады деген ақпарат тарауда. Бұл қаншалықты шын? Тілшіміз анықтап көрді.
Подробнее...Су, жол, жарық, интернет жоқ «жібек жолы» ауылының тұрғындары шеруге шықты
Елорданың іргесіндегі Жібек жолы ауылының тұрғындары шеруге шықты. Жергілікті әкімдік рұқсат бермесе де, елді мекен жұрты бейбіт митинг өткізді. Құрылысы тұралап қалған мектептен әкімдікке дейін жаяулатып жүргендер бұдан басқа амалымыз жоқ дейді. Өйткені, шенеуніктер 20 жылдан бері халықтың жанайқайын естісе де, қордаланып қалған мәселелерін шешпей келеді екен. Шеруде шерін тарқатпақ болғандармен Нұржан Сәдірбай тілдесті.
Подробнее...Қаржы жымқырғандар сотталды
Нұр-Сұлтандағы Максим Горкий атындағы орыс драма театрына жүргізілген күрделі жөндеу кезінде 400 миллион теңгеден астам соманы қолды еткендер сотталды. Үкімді Алматы ауданының №2 соты шығарды. Судья, өнер ордасының экс-директоры мен оның орынбасарын және құрылыс компанияларының үш жауапты тұлғасын бас бостандығын шектеуден бастап, 9 жылға дейін соттады.
Подробнее...Ауадан ақша тапқан
Қараша халықты сан соқтырып кетті. Түркістан облысы Сайрам ауданының 26 жастағы тұрғыны көпбалалы аналардың атынан онлай несие рәсімдеп, қарызға белшесінен батырған. Алаяқтың арбауына ілініп қалғандардың саны 400-ге жуық. Күдікті әрқайсысының атынан кем дегенде банктен 800 мың теңгеден бастап, 6 милллион теңгеге дейін кредит алыпты. Сорақысы сол алданғандардың арасында алаячқтың туымтары джа бар екен. Ғалымжан Кенжебек тарқатып айтады.
Подробнее...






