10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Ақтөбеде 3 жасар бала тірідей жанып кетті

Ақтөбе облысында 3 жасар бала аулада тұрған көлік ішінде тірідей жанып кетті. Жанында болған 7 жастағы ағасын өртке оранған автомобильдің ішінен алып шыққанымен, дәрігерлер аман алып қала алмады. Денесінің 80 пайызын күйік шалған ер бала да есін жимастан түнде аудандық ауруханада мерт болған. Ер балалар отбасындағы төрт баланың ортаншысы мен кенжесі болған.

Подробнее...

Түлектерге екінші мүмкіндік қашан беріледі?

Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру мәселесі шұғыл шешілуі керек. Мәжілісте депутаттар Білім және ғылым министрлігіне осындай сауал тастады. Түлектерге екінші мүмкіндік берілгенімен, тестілеудің нақты мерзімі ресми хабарланған жоқ. Тек ауызша түрде тамыздың соңына белгіленген. Осыған алаңдаулы ата-аналар мәжілісмендерге хат жолдапты. Сонымен қатар, депутат Серік Ерубаев түлектердің тест нәтижесіне қашықтан оқыту кезіндегі стрестік жағдайлардың ықпал еткенін де атап өтті.

Подробнее...

Текеліде көпқабатты үйдің сыртқы сылағы сылынып түсті

Текеліде қатты желдің күшіне шыдамаған көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы сылағы сылынып түсті. Әйтеуір, ешкім зардап шекпеген. Осылайша, бірер жыл бұрын жасалған жөндеу жұмыстарының сапасы қайта сыр беріп жатқан көрінеді. Өйткені, 2009-жылы қолданысқа берілген баспананың сыртқы қасбеті 2018 жылы ғана ретке келтірілген екен. Оған бюджеттен 3,7 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Тұрғындар да үйіміздің сырты осыған дейінгідей сұрықсыз болып, қанша тұрар екен …

Подробнее...

Жол қайда?

«Біз әбден біттік пе?» Сапасыз жолға күйінген Қарағанды өңіріндегі Қаражал қаласының тұрғындары Мемлекет басшысын шағымданбақ. Өйткені, былтыр ғана жөнделген жол қар суымен ағып кеткеніне сенімді. Миллиондар жұмсап салып, кейін тоз-тозы шыққан асфальтты енді кім жөндейді? Жауапты мекеме бұған не дейді?

Подробнее...

Жыл басынан бері 50 педофил бостандыққа шықты

Жыл басынан бері еліміздің түрмелерінен 50 педофил жазасын өтеп, бостандыққа шыққан. Мұндай статистиканы қылмыстық-атқару жүйесінің мамандары келтірді. Ал, халық қалаулылары мұндай жандар қоғамға қауіп тудыруы мүмкін деп дабыл қағады. Бір қызығы жыл соңына дейін түрмеден шығатын озбырлыққа барған қылмыскерлердің барлығы дерлік мәжбүрлі химиялық кастрациялау санатына кірмейді екен. Себебі, олар бұл заң енгізілгенге дейін істі болған жандар. Толығырақ әріптесім Қайыркен Отыншы …

Подробнее...

Ақтау әкімдігі «картоп арзандады» деген жалған ақапарат таратты

Ақтауда қалалық әкімдік әлеуметтік желідегі парақшаларына көтерме базарда картоптың келісі 185 теңгеге арзандады деп ақпарат таратқан болатын. Мұны естіп, білген кей тұрғындар қуанып, бағасы қалта көтерерлік өнім алу үшін базарға қарай ағылды. Сатып алушылар бұл жолы сапалы , әрі арзан картоп аламыз деп ойлады. Алайда, «пәлен жерде алтын бар» дегенге барып, «барсам, бақыр да жоқ» екен деп басын салбыратып , …

Подробнее...

Бас санитардың үндеуі

Әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатуда. Осыған орай еліміздің бас санитары қазақстандықтарға үндеу жасады. Себебі, шекаралас елдерде қалыптасқан жағдай көңіл көншітпей отыр. Бізде вирустық ахуал тұрақты болғанымен, қауіп сейілді деуге әлі ерте. Ерлан Қиясовтың сөзінше, отандастарымыз алыс-жақын шет елдерге барып демалуда. «Соның ішінде СOVID-19-дың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайы күрделі елдер де бар. Мұны ескеру қажет», деді бас санитар.

Подробнее...

Жабылып зорлады

Бес жігіт 17 жастағы қызды жабылып зорлап тастады. Сұмдық қылмыс Солтүстік Қазақстан облысындағы «Березовая роща» демалыс аймағында жасалған. Қаскөйлер кәмелетке толмаған жасөспірімді әбден қорлап, білгенін істепті. Қызының зәбір көргені жайлы полицейлерге арызды Петропавл қаласының тұрғыны түсірген. Тәртіп сақшылары көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адамды ұстаған. Олар 17 мен 20-ның аралығындағы жас жігіттер екен. Қазіргі кезде үшеуі …

Подробнее...

Коронавирус қайта өршіді

Елордада коронавирус қайта өрши бастады. Соңғы аптада инфекцияны жұқтыру фактісі 7 пайызға артқан. Сондай-ақ, ел ішінде вирусқа қарсы екпе алу көрсеткіші төмен аймақтар әлі де жеткілікті. Жаһанды шарпыған індет мәселесі Үкімет отырысында сөз болды. Онда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «КОВИД-19» көршілес жатқан мемлекеттерде өткен жылға қарағанда аса қатты белең алуда, деді. Толығырақ Нұржан Сәдірбай баяндайды.

Подробнее...

Таразда үйлерді қандаламен тарақандар қаптап кетті

Тараз жұртшылығы тарақанмен туыс, қандаламен қандас болып кеткен. Екі бірдей көпқабатты үйдің тұрғындары зиянкестермен бірге өмір сүріп келеді. Айтуларынша, қас қарая жатын бөлмеде қансорғыштар қаптап, ұйқы бермейді екен. Ас үйді әлдеқашан жирен түсті жәндіктер жаулап алған. Ал, ұзақ уақыт жөндеу көрмегендіктен су сорғалайтын шатыр мен құлағалы тұрған қабырға өз алдына бөлек мәселе. Халық осының бәрін айтып жергілікті билікке талай барған …

Подробнее...
X