Талдықорғанда 25 жастағы жігіт Қаратал өзеніне автокөлігімен ағып кеткен жүргізушіні құтқарып қалды. Қызылтас саяжайындағы аспалы көпір маңында рөлге ие бола алмай қалған жүргізуші көлігімен өзенге түсіп кетеді. Судың ағысымен төмен қарай құлдилаған темір тұлпар 100 метрдей ағып барып, әрең тоқтаған. Жүргізуші машинадан шығып, жағаға қарай малтамақ болған екен. Алайда, күші жетпей, бата бастайды. Сол сәтте, көмекке ұмтылған Ержан Баяхметов еш …
Подробнее...Новости
33 қазақстандық Сауд Арабиясынан елге жеткізілді
Коронавирус қаупі бар елдерде қалып қойған жерлестеріміз елге жеткізілуде. Қазақстан билігі 33 отандасымызды Сауд Арабиясынан Ақтауға алып келді. Дегенмен, 100-ге жуық қазақстандық азамат елге келуден бас тартып, сол жақта өз еркімен қалған. Олардың көпшілігі келісім-шарт бойынша Корольдіктің түрлі қалаларында жұмыс істеп жүргендер мен туристік жолдама арқылы қыдырып барғандар екен.
Подробнее...Алматы: дезинфекциядан соң 5 сағат бойы үйден шықпаңыздар!
Алматыда дезинфекция жасалған тұрғын үйлердің дәліздері мен аулаларына 5 сағат бойы шығуға болмайды. Зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандар қала тұрғындарына осындай ескерту жасады. Жоспар бойынша қаладағы 8 мың 400-ден астам көпқабатты үй, 23 кіреберіс пен 4082 ауланы дезинфекциялау көзделген. Бұған 150-ге тарта техника мен мыңнан астам жұмысшы тартылған. Сонымен қатар, 60 гектар аумақты алып жатқан жеті ірі базарды дезифекцияланбақ. Бұған …
Подробнее...Түркістан облысында жел жаңа нысандардың шатырын ұшырды
Түркістан облысын дүлей дауыл әбігерге салуда. Кентау қаласында болған сұрапыл желдің салдарынан 10-нан астам нысанның шатырлары бүлінді. Табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмаған ғимараттардың жөндеуден өткеніне де көп болмаған екен. Ал, жұрттың сапасыз жұмысқа көңілі толмай отыр.
Подробнее...138 млн теңгеге маска мен антисептикті заңсыз сатқан
Қысылтаяң шақта елорда тұрғындарына 138 миллион теңгеге маска мен антисептикті заңсыз сатқандар ұсталды. Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының дерегінше, күдіктілер 30 мың дана бетперде мен 20 мың литр залалсыздандырғыш сұйықтықты саудалаған. Тұрғын үйді кішігірім цехке айналдырған 22 және 66 жастағы қос ер адам қазір тергеуге алынған.
Подробнее...Карантинде кім қалай уақыт өткізіп жатыр?
Өткен аптада біздің бағдарламада «әуесқой репортер» айдары басталғанын хабарлаған болатынбыз. Карантин кезінде уақытты қызықты әрі пайдалы өткізудің түрлі тәсілімен бөліскен көрермен өте көп. Бірақ, көптеген бейнежазбаның сапасы нашар болды. Қазір ватсапп желісіне келген ең ерекше видеоларды эфирден көрсетеміз. Назарларыңыз экранда болсын.
Подробнее...Елордалықтар балкондарынан концерт қоюда
Еліміздегі қос мегаполистің карантинге жабылғанына, міне, бір аптаға жуықтады. Көшелер тыныш, қозғалыс тоқтаған, жұрт үйінде отыр. Бірі не істерін білмей дал, есесіне өзгесі уақытын тиімді керек десеңіз көңілді өткізуде. Араларында, тіпті, балконға шығып, көршілеріне концерт ұйымдастырғандары да бар. Ал карантиндегі «Наурыз» мейрамы қалай өтті? Жалпы алматылықтар мен нұр-сұлтандықтардың өмірі қаншалықты өзгерді
Подробнее...Елде коронавирусты 68 адам жұқтырды
Елде коронавирусты жұқтырғандардың саны 70-ке таяп қалды. Ал, індет туралы ресми ақпаратты тарататын министр Дәурен Абаев Қазақстанда вирустың шарықтау шегі әлі де алдымызда, дейді. Қазақстандағы індетке қатысты соңғы ақпараттармен Нұржан Сәдірбай бөліседі.
Подробнее...Төтенше жағдай кезінде жеңілдіктер жасалады
Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға бірқатар жеңілдіктер жасалады. Оның ішінде жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төлеуден бастап, тегін азық-түлік беру мен коммуналдық қызметтің құнын төмендетуге дейінгі шаралар кіреді. Кәсіпкерлердің де мәселесі тасада қалмайды. Сонымен, Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген Мемлекет басшысы қандай нақты тапсырмалар берді.
Подробнее...Карантин кезінде ереже бұзғандарға жаза күшейтіледі
Еліміздің екі мегаполисі карантин режимінде екені белгілі. Бірақ тәртіп қатаңдаса да оған бағынғысы келмегендер табылуда. Талапты елемей, есіргендері абақтыға қамалып жатыр. Президент тәртіп бұзушыларған қолданылатын жазаны одан әрмен күшейту керек деп отыр. Карантин мен Төтенше жағдай режиміне бағынбаған кімдер?
Подробнее...






