Мазмұнға өту
· 113 қаралым

Пойыз билеттері арзандады

Елімізде пойыз билеттері арзандады. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы бағаны жыл соңына дейін 10 пайызға төмендеттік деп жұрттан сүйінші сұрады. Жеңілдік барлық бағытқа, соның ішінде қала маңына жүретіндерге де қолданылады. Осылайша, жыл он екі ай бір тынбай теміржолмен қатынайтын қазақстандықтар аз да болса ақша үнемдейтін болды. Технологияның тілін жақсы білсеңіз, билетті үйде шай ішіп отырып-ақ сатып аласыз. Тіпті болмаса кассаға барып, кішкене кезекке тұруға тура келеді.

← Барлық жаңалықтар