Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Сирек кездесетін құс таспаға түсіп қалды

Атырауда сирек сәт бейнежазбаға түсіп қалды.

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аспанында Қызыл кітапқа енген аққұйрықты субүркіт қалықтап ұшты. Алып жыртқыш құсты жергілікті инспекторлар мен осы маңда жүрген туристер өз көздерімен көрген. Саяхатшыларды тамсандырған ерекше көрініс әлеуметтік желіде тез тарады. Мамандардың айтуынша, бұл құстың Қазақстан аумағында 120-дан астам жұбы ғана қалған. Негізінен балықпен қоректенетін аққұйрықты субүркіттер адам аяғы баспайтын, тыныш су айдындарында мекендейді. Ал резерваттағы қатаң бақылау сирек құстың емін-еркін ұшып, ұя салуына толық мүмкіндік беріп отыр.

Аяжан Қожатай

← Барлық жаңалықтар