Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Арендалық баспананы жалға берген

Алматыда жалдамалы үйлердің мақсатқа сай қолданылғаны тексеріліп, біраз былық әшкереленді.

Жыл басынан бері қаланың төрт ауданында үш мыңнан астам пәтер сүзгіден өткізілген. Нәтижесінде 172 заңсыздық анықталды. Көбі тұрғын үйлерді басқа адамдарға қайта жалға берген, біразы коммуналдық төлемді төлемеген. Қазіргі уақытта 114 пәтер босатылды. Қалған 58 үй бойынша сотқа шағым жолданған. Олар жөндеуден өткен соң, кезекте тұрған әлеуметтік мұқтаж азаматтарға үлестіріледі.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар