Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Тегін секциялар: 38 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Қағазда бар, ал іс жүзінде жоқ!

Елімізде тегін секцияларға балаларын өтірік жазып, бір ваучерді бірнеше рет алып, дербес деректердің орнын ауыстырғандардың ісі әшкере болды. Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасовтың мәліметінше, былтыр іске қосылған пилоттық жоба аясында 38 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған. Тексеру кезінде баланың тұрғылықты жерінен тыс аймақтардағы ұйымдарға қабылданғаны белгілі болған. Сондай-ақ мемлекеттік базада тіркелмегендерге, яғни жалған құжат өткізгендерге жол берілген.

Жанар Арғын

← Барлық жаңалықтар