«Тарланның» дүниесі талапайға түспейді.
Ішкі істер министрлігіне қарасты Көліктегі полиция департаментінде LRT нысандарын қадағалайтын арнайы басқарма құрылады. Тиісті қаулыға Үкімет басшысы қол қойды. Жаңа құрылымды қаржыландыру бюджет есебінен жүргізіледі. Басқарма қызметкерлерінің нақты міндеттері, саны және айлық табыстары туралы әзірге ақпарат жоқ. Тарландағы тәртіпті қадағалайтын полицейлер алдағы жылдан бастап жұмысқа кіріспек.
Гүлмира Тасболатқызы