Маңғыстауда нағыз құс базары басталды.
Қызыл кітапқа енген қоқиқаздар күзгі көші-қон кезінде жылда осылай Үстірт маңындағы Қарақия-Қаракөл мемлекеттік қорығына келетін әдеті екен. Қызғылт түсті қанаттылар қорегін табу үшін тұзды өзен-көлдерге аялдайды. Сосын әрі қарай қыстайтын жаққа ұшып кетеді. Әдемі қоқиқаздарды Маңғыстаудан бөлек Астананың іргесіндегі Қорғалжын қорығынан да көруге болады. Жылы жақты бет алған құстар бұл мекенге де жиі қонақтайды. Ал жыл сайын Қазақстан арқылы мыңдаған қоқиқаз ұшып өтеді.
Ақбаян Сұлтанмұрат