Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Халық кеңесі аймақтарда жұмысын бастады

Халық кеңесі аймақтарда жұмысын бастап жатыр.

Абай облысында жоғары консультативтік органның өкілдері бұқарамен кездесіп, білім беру саласының ахуалымен танысты. Төраға орынбасары Ләззат Шыңғысбаева бастаған кеңес мүшелері Нұртай Сабильянов, Мерей Қарт және Дәулет Орынбеков Бесқарағай ауданына ат басын бұрды. Олар «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Абай облысы әкімдігі мұрындық болған балаларға арналған шығармашылық үйінің ашылуына қатысты. Жаңартылған нысан оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына арналған. Мұнда жас өреннің шығармашылық, техникалық және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған бірқатар үйірме мен кабинет бар.

Ләззат Шыңғысбаева, Қазақстан Халық кеңесі төрағасының орынбасары, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы:

Біздің елдің болашағы тек сіздердің қолдарыңызда. Сіздер бізден де мықтысыздар. Осы бейбіт, ашық күндеріңізді және осындай жақсы мүмкіндіктеріңізді жақсы оймен пайдалансаңыздар, біздің Қазақстан өсе береді, дами береді. Осының бәрін сіздер үшін жасап жатырмыз. Тек қана алға!

Жаңарту жұмыстары «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Жасампаз ұрпақ» жобасы аясында қолға алынған. Негізгі мақсат — жастардың сан түрлі сала төңірегінде қосымша білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар