Елімізді көлік-логистика хабына айналдыруға тағы бір қадам жасалды.
Республикада кезекті теміржол вокзалының ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Көкшетауда көлік инфрақұрылымының маңызды нысандарының бірі саналатын вокзалды жаңғырту жұмыстары жолаушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында нысанның инженерлік-техникалық жүйелері ауыстырылып, тұрғындарға қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді. Сондай-ақ кешеннің қауіпсіздік жүйесі айтарлықтай күшейтілді. Мәселен, вокзалдағы бейнебақылау камераларының саны 250-ге жеткізілді. Бұдан бөлек, перрондарға да арнайы құрылғылар көптеп қойылды. Ал балалармен сапарға шығатын жолаушылар үшін ана мен сәбиге арналған арнайы бөлмелер жабдықталды.
Қайыркен Отыншы