Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Қазақстан-Ұлыбритания байланысы әлі де күшейеді

Қазақстан мен Ұлыбританияның саудасы бір жылда 83 пайызға өсіп, 1,6 миллиард доллардан асыпты. Бірақ Президент бұл көрсеткішке тоқмейілсімей, жұмысты одан әрі күшейту керек екенін жеткізді. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысының Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесуінде айтылды. Тараптар екі ел арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтерудің жолдарын талқылады. Ендігі мақсат — сауданы ғана емес, инвестиция мен жаңа жобаларды көбейтіп, технологиялық серіктестікті нығайту. Әсіресе энергетика, көлік-логистика, цифрландыру және жасанды интеллект бағыттарындағы байланысты жандандыру көзделіп отыр.

← Барлық жаңалықтар