Мазмұнға өту
· 37 қаралым

Атырау жеміс бағына айналып кетуі мүмкін

Еліміздің мұнайлы астанасы Атырау енді жайқалған баудың астында қалуы мүмкін. Өйткені қаладағы еріктілер «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдап 50 түп жеміс ағашын егіпті. Игі бастамаға 40-қа жуық адам қатысқан. Сонымен қатар аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына атсалысыпты. Экологиялық жоба жастардың белсенділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкені көркейтуге деген жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

ӘСЕМГҮЛ АСҚАРҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Аумақты тазалау, көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысуда. Осындай игі бастамаларымыз алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.

← Барлық жаңалықтар