Мазмұнға өту
· 35 қаралым

Бектенов Балқаштағы жол сапасына шүйлікті

Халықтың жүйкесін әбден жұқартып біткен жол мәселесі Үкімет басшысының назарынан тыс қалмады. Премьер-министр Қарағанды облысына жұмыс сапарында Балқаштағы жағдайды көріп, әсіресе көлік қатынасының жай-күйіне шүйлікті. Биыл бұл бағытқа миллиардтаған қаржы бөлінгенімен, оның сапасы көңіл көншітпей тұр. Осыған байланысты Бектенов жауаптыларға «қаражат бөлініп жатыр, енді сапаны қатаң бақылаңыздар» деп ескерту жасады. Сондай-ақ ол Балқаш әуежайының жаңғыртылуымен де танысты. 1967 жылдан бері тұрған нысан жаңарып, терминал аумағы ұлғайтылды. Жаңа арнайы техника алынып, әуежайдың өткізу қабілеті артыпты. Жобаға Арнаулы мемлекеттік қордан 946 млн теңге бағытталған.

МЕЙРАМБЕК МЫРЗАХМЕТОВ, «БАЛҚАШ ӘУЕЖАЙЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Әуежай ашылған сәттен бастап маусымдық жазғы кезеңде Астана-Балқаш, Балқаш-Астана және Алматы-Балқаш бағыттары бойынша 16 мың жолаушыға қызмет көрсетілді. Әуежайды қайта құру Балқаштың көліктік қолжетімдігін арттыруға мүмкіндік берді. Өңірдің туризмі және экономикасын дамыту үшін қосымша жағдайлар жасалды.

← Барлық жаңалықтар