Мазмұнға өту
· 12 қаралым

168 отбасы баспаналы болды

Қала күні қарсаңында Қызылорданың сол жағалауында 168 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Жаңа баспаналар тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілді. Олардың қатарында көпбалалы жанұялар, мүгедектігі бар азаматтар және жетім-жесірлер бар. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жыл басынан бері өңірде 800-ден астам баспана ел игілігіне тапсырылған.

МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Мемлекет басшысының қолдауымен бүгін баспаналы болып жатқан әрбір отбасы үшін ерекше айтулы күн. Меншікті үй — тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің кепілі. Жаңа шаңырақтарыңыздың босағасы берік, іші береке мен мерекеге толсын. Әрбір отаудан бүлдіршіннің күлкісі естіліп, татулық салтанат құра берсін. Қоныстарыңыз құтты болсын. Ел іргесі берік, болашағымыз баянды болсын!

Жаңа пәтерлер заманауи талаптарға сай жабдықталған. Кең әрі жарық бөлмелері мен көз тартарлық ішкі көрінісі әр шаңыраққа жылылық сыйлады.

ИНДИРА ЖАКИПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

2018 жылдан бері көпбалалы ана ретінде кезекте тұрмыз. Сегіз жарым жыл дегенде алып жатырмыз, құдай қаласа. Аллаға шүкір, өте керемет сезімдеміз. Осыған дейін пәтерде жүрдік. Барлығына рақмет, қала күні құтты болсын!

← Барлық жаңалықтар