Халық кеңесі Астанада қоғамдық кеңес өкілдерінің басын қосты. Жиында Мемлекет басшысының институт өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру және өзара бірлескен қадамдар әзірлеу мәселелері қаралды. Әрі өңірлерден келіп түсетін сан алуан ұсыныстар мен мәселелер үшін нақты шешімдер әзірлеу қауымдастықтың басты міндеттерінің бірі екені айтылды. Сондай-ақ Кеңес төрағасы Ерлан Қошанов халықпен байланыс орнатуда жан-жақтағы ұйымдардың маңызы арта түсетінін атап өтті.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мемлекет басшысы өңірлермен қоғамдық кеңестер арқылы берік байланыс орнату міндетін қойды. Бұл бізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әр адамның пікірі ескеріліп, әр азамат елдік мәселелерді талқылауға өз үлесін қоса алады. Біздің басты міндетіміз — халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу.