Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Ауыл тұрғындары мен жұмыссыздар қалай білімін арттырып жатыр?

Елімізде диваннан тұрмай-ақ білім алып, жаңа мамандықтарды меңгеруге болады екен. Қазір смартфон мен интернеттің игілігін көріп жатқандар бар. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, жыл басынан бері 114 мыңнан астам адам «Skills Enbek» платформасында білім алыпты. Бұл бастама әсіресе өңір тұрғындары мен жұмыссыздар арасында үлкен сұранысқа ие. Атап айтсақ, онлайн оқығандардың 47 пайызы ауыл тұрғындары. Оған қоса, 43 мың жұмыссыз бен 12 мың жас қашықтан оқып, біліктілігін арттырыпты. Бүгінде платформада 500-ден астам курс бар, оның 60 пайыздан астамы тегін.

← Барлық жаңалықтар